Қазақстанда туризмді дамытудың 5 кластері анықталды - М.Иғалиев
Бұл туралы primeminister.kz сайты жазады.
«Тұжырымдама халықаралық консалтингілік компаниялардың қатысуымен жасалды. Жалпы, біз дамудың 5 кластерін анықтадық: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан», - деді М.Иғалиев.
Сонымен, оның айтуынша, Шығыс Қазақстан экологиялық туризмді, Ал Алматы - тау туризмін дамыту орталығы ретінде қаралады. Оған қоса, Астана мен Алматы іскерлік туризмді дамыту орны ретінде белгіленуде. Оңтүстік Қазақстан аумағы мәдени туризмді дамыту орталығы, ал Батыс Қазақстан мәдени және «жағажайлық» демалыс орны ретінде дамитын болады.
Сондай-ақ, комитет басшысы аталған кластерлер аясында ұлттық жобаларды жүзеге асыру қарастырылғанын атап өтті.
Бұдан өзге, курорттық аймақ құру күрделі қаржы шығынының 3 элементін болжайды: сыртқы магистральдік инфрақұрылым, ішкі инженерлік және туристік инфрақұрылым, коммерциялық нысандар. Сыртқы инфрақұрылымды дамыту басқа елдердің мысалында мемлекет есебінен толығымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
«Инвестициялардың экономикаларға қайтымы жаңа жұмыс орындарын құру арқылы бюджетке түсім кезінде қамтамасыз етіледі, жалпы құрылымда күрделі қаржы шығындарының үлесі шамамен 15-25%-ды құрайды», - деп толықтырды ол.
М.Иғалиев түсіндіріп өткендей, ішкі инженерлік инфрақұрылым төмен кірістілігі мен ұзақ мерзімді қайтымымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік форматында инвестициялар талап етеді. Сонымен, бұл сегментте шығындар үлесін Комитет жалпы шығындардың 20-35% көлемінде деп қарайды. Оған қоса, жылжымайтын мүлікке шығындар шамамен 50-60%-ды құрайды.