Қазақстанда ҮЕҰ-лар мен қоғамдық бірлестіктердің «Асыл бала» қауымдастығы құрылды

«Бүгін біз «Асыл бала» республикалық қауымдастығының құрылтайшылық жиынын өткізудеміз. Бұл балалардың мүдделерін қорғау мәселелерімен айналысатан қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарының қауымдастығы болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында елімізде балалар құқығын қорғау бағытында өте көп жұмыстар атқарылды, алайда әлем мен қоғам өзгеруде. Сондықтан да жеткіншектердің мүддесін қорғау әрдайым өзекті болып қала береді. Біз балалар мүддесін қорғау саласында тиімдірек жұмыс істеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға өз үлесімізді тиісті деңгейде қосу бағытында біріктік. Барлық балалар туған бетте тең құқыққа ие және бұған біздің Ата Заңымыз кепіл беріп отыр»,-деп тоқталды А. Рахымбекова.
Қауымдастық төрайымы бүгінде кейбір балалар қосымша көмекке, мемлекет және қоғам тарапынан жекелей қолдауға мұқтаж екенін атап өтті. Бұл тұрғыда ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, мүгедек және басқа да санаттағы балалар бар.
«Біз осы орайда бұл балалар баршасымен тең дәрежеде қажетті жағдайда өмірде лайықты орындарын алуына жәрдемдесу үшін күш-жігерімізді біріктіргіміз келеді»,-деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі конференцияға Қазақстанның барлық өңірінен ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Үкімет мүшелері және Парламент депутаттары қатысуда.