Қазақстанда ұлтаралық татулықтың бұзылуына ешқандай негіз жоқ - Қазақстан халқы Ассамблеясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Қазақстанда ұлтаралық татулықтың бұзылуына ешқандай негіз жоқ екендігін мәлімдеді.
None
None

«Елімізде ұлтаралық қарым-қатынастың бұзылуына ешқандай негіз жоқ» - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығының төрағасы Ахмед Мұрадов бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында.

Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов «ұлысаралық мәселе - екінің бірі талқылай беретін тақырып емес» екендігін атап өтті.

«Бұл бір кірпияз дүние. Онымен бүгінде сарапшылар айналысады. Бұл үшін бізде ғылыми сарапшылық кеңес пен ұлысаралық зерттеу орталығы құрылған. Олар барлық әлеуметтік сауалнама жүргізу бойынша ортақ әдістеме әзірлеумен айналысады. Орталық сонымен қатар, осы салада ортақ мемлекеттік саясат жүргізуді қолға алған», - деді ол.

Ералы Тоғжанов сондай-ақ бұл құрылымның барлық мемлекеттік қызметкерлерді, әкімдердің идеология бойынша орынбасарларына дейін оқытумен айналысатындығын жеткізді. Екі жыл ішінде 1398 адам осы орталықта ұлтаралық татулық мәселелері бойынша біліктіліктерін дамытыпты. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары: этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің өздерін де ұлтаралық мәселелер бойынша оқыту керек, деп санайды.

«Бүгінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында да осындай жұмыстар жүруде. Онда арнайы орталық ашылған. Биыл Академияның ұйымдастыруымен барлық өңірлерде осы салада ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар