Қазақстанда вакцина алудан бас тартқандар саны 3,8 пайызға өсті — Сархат Бейсенова

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда вакцина алудан бас тартқан азаматтардың саны артқан.

Сархат Бейсенова
Фото: Астана қаласы коммуникациялар қызметі

Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрағына жауап беру барысында хабарлады.

— Иә, бүгінде вакцинадан бас тарту жаһандық мәселе. Қазақстанда да бұл проблема бар. Егер салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2017 жылы вакцина егуден бас тартқандардың санына қарағанда, биыл бұл көрсеткіш 3,8 пайызға өсті. Мәселен, бұрын 5 300 адам екпеден бас тартса, биыл олардың саны 20 мыңға жуықтады. Бұл статистика барлық вакцина түріне қатысты, — деді С. Бейсенова.

Оның айтуынша, тұмауға қарсы екпеден бас тарту «тәуекел топтары» арасында тіркелмеген.

Бұған дейін тұмау мен ЖРВИ көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға төмендегенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар