Қазақстанда зейнет жасындағы волонтерлер көбейіп келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда соңғы уақытта зейнет алдындағы және зейнет жасындағы волонтерлер саны артып келеді. Бұл туралы «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк айтып берді.

волонтер
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Соңғы уақытта волонтерлікке қызығушылық танытқан зейнет алдындағы және зейнет жасындағы ересектер саны артып келеді. Бұл көрсеткіш біздің осы бағытқа қаражат бөлуімізге байланысты да артып келеді. Олар халықаралық қоғамдастықта күміс еріктілер деп аталады және күннен-күнге әлеуметтік ортаға көбірек араласып келеді», - деді Татьяна Миронюк Қазмедиа орталығында Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа отырысында.

Спикердің айтуынша, елімізде гранттық қаражат пен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды бөлумен байланысты бастамашыл топтардың саны артып келеді.

форум
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Негізгі қызметінде волонтерлікке басымдық беретін волонтерлік бірлестіктер мен ұйымдардың үлкен өсімі байқалуда. Іс-шараны бір рет ұйымдастырып, тарап кететін бастамашылдар емес, тұрақты волонтерлік қызмет көбеюде. Бұл жыл сайын өсіп келе жатқан еріктінің экономикалық үлесіне де әсер етеді», - дейді Т. Миронюк. 

Еске сала кетсек, 2024 жыл ТМД-да «Волонтерлік қозғалыс жылы» болып жарияланды.

форум
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 

футбол
Ұқсас жаңалықтар

Футболдан еліміздің әйелдер лигасында екінші тур басталады