Қазақстанда жемқорлық қылмыс жасағаны үшін атағы мен лауазымына қарамастан лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады - А.Шпекбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан екі күн бұрын Парламент Сенатының жалпы отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған құжат 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыруға бағытталмақ. Осы ретте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев таяу күндері ҚР Президенті қол қоятын Заңға қатысты пікір білдірді.
None
None

«Бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі жемқорлықтың салдарымен күресуге және кінәлі адамдарды жазалауға бағытталған болатын. Қазір елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына елеулі түзетулер енгізілуде. Атап айтқанда, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы басты назар оның алдын алуға, мемлекет пен қоғамның күшін сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға біріктіруге аударылған», - дейді ол. А.Шпекбаевтың атап өтуінше, осы бағыттағы кешенді іс-шара 2014 жылғы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көзделген. Стратегияның негізгі бағыттары: мемлекеттік қызмет саласындағы, квазимемлекеттік және жеке секторлардағы, соттардағы және құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Оны әзірлеу кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылда елеулі табыстарға қол жеткізген елдердің тәжірибелері зерделенді. 2015 жылғы сәуірде осы Стратегияны іске асыру жөніндегі Үкіметтің жоспары бекітілді. Ол таяудағы үш жыл ішінде көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды анықтады. «Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру мақсатында: кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мен сыбайлас жемқорлықты барынша азайту басым бағыттардың бірі болып белгіленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі кешенді көзқарасқа «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Жалпыға бірдей декларациялау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», «Ақпараттандыру туралы», сондай-ақ Кәсіпкерлік және Этика кодекстері сияқты бірқатар заңнамалық актілер арқылы қол жеткізілді», - деді агенттік төрағасының орынбасары. Оның атап өтуінше, меритократияны қорғау және жемқорлықты болдырмау бойынша қабылданып жатқан шараларды іске асыруда Этика кодексі маңызды орынға ие, ол мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтарына қойылатын талаптарды қатаң сақтауға бағытталған. Ар-намыс кодексінен ерекшелігі жаңа Этика кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі нақты этикалық стандарттарды белгілейді, жемқорлыққа қарсы шектеулерді қамтиды, нақты жағдайлардағы басқарушылық мінез-құлықтарды нақтылап, жүйелейді. Кодекске этика жөніндегі уәкіл институтын енгізу арқылы этика нормаларының сақталуын бақылау жүйесін анықтау, мемлекеттік органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ахуалды қамтамасыз етпегені үшін дербес тәртіптік немесе әкімшілік жауаптылықты жүктеу болжанады. Мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша түзетулер енгізілді. «Реформа шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелеріне де үлкен мән берілуде. Мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңмен мемлекеттік органдар қызметінің мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде бизнес пен халыққа бағытталуы қамтамасыз етіледі, оларды көрсету стандарттары мен регламенттерінің міндеттілігі бекітіледі», - деген ол қазіргі уақытта Агенттік пен ЕҚЫҰ Орталығының өзара іс-қимылы шегінде Астанада ЕҚЫҰ елдерінің үздік тәжірибелері негізінде сыбайлас жемқорлық қатерлерін талдау және анықтау бойынша әдістемелік құрал әзірленіп жатқанын атап өтті. А.Шпекбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бастап қолданыстағы төрт жаңа кодекстің: қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқарушылық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер шегінде мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі кешенді шаралар көзделген. Парақорлықтың барлық түрлері бойынша жазаның альтернативті шараларын енгізуді жаңалық ретінде атап өткен жөн, яғни алынған параның мөлшеріндегі не еселік мөлшеріндегі айыппұлдар, бұлар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, жазаланбай қоймау қағидатына үлкен мән беріле отырып, Қазақстанда жемқорлық қылмыс жасағаны үшін атағы мен лауазымына қарамастан лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Осындай қылмыстар жасағаны үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу не белгілі бір қызметті атқару құқығынан өмір бойы айырылады. Жалпы, бүгінгі күні Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын кесуге бағытталған заңнамалық шаралар нақты пысықталған. Осы көрсетілген шаралар қатарына құқық қорғау органдарының мүлтіксіз қызметін жетілдіру бойынша заң жобаларының ережелерін жатқызуға болады, оның ішінде кадрлық менеджменттің сапасын арттыруы мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызбайтын шаралары көзделген. Сол сияқты мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктері бойынша ынталандыру жүйесі - құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жалақыны салыстырмалы түрде жеткен жетістігіне қарай төлеу жүйесі енгізіледі. Қазақстанда заң үстемдігі саласына қарасты реформасы аясында, сот төрелігінің бес сатылыдан үш деңгейлі жүйеге ауысу жоспарлануда, сондай-ақ, судьяларға кандидаттар үшін талаптарды қатаңдату мен олар үшін жас шегін арттыру көзделуде. Осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарын енгізу арқылы барлық сот процестерінде аудио, бейне жазуларды жүргізу міндеттеледі және де барлық тергеу әрекеттері бойынша өкілеттілікті тергеу судьясына кезең-кезеңмен тапсырылады. «Күні кеше ғана Парламентпен қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңның жеке ережелерін талқылауға Гонконг, Сингапур, АҚШ, Корея Республикасы, Ұлыбритания және Италия сарапшылары қатысты. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, заң аясында қызметтік әдептіліктің қағидалары мен ережелерін бұзу деңгейлері мен нақты сыбайлас жемқорлық ара-жігі ажыратылды. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар ретінде қылмыстық немесе әкімшілік жаза тағайындалатын сыбайлас жемқорлық белгілері бар іс-қимылдар (әрекет немесе әрекетсіздік) ұғынылады. Заңмен еңгізіліп отырған «сыбайлас жемқорлықтың» жаңа түсініктемесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Ол тікелей өзі немесе делдал арқылы мүліктік (мүліктік емес) артықшылықтарды алуды немесе табуды, сондай-ақ үшінші тұлғаларға қатысты да қарастырады. Осыған орай, Қылмыстық кодекске де өзгертулер еңгізіледі. Бұдан былай, мемлекеттік міндеттерді атқаруға өкілетті тұлғалар қатарына квазимемлекеттік сектор қызметкерлері де теңестірілді. Сонымен қатар, квазимемлекеттік мекемелер, оның ішінде өндіріс саласында да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері болып табылады», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік және жеке сектордағы потенциалды жемқорлықты бағалау үшін заңнамалық деңгейде алғаш рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ұғымы енгізілуде. Ол мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары және субъектілеріне қатысты жүзеге асырылатын болады. Мұндай талдаулар орталық пен аймақтық деңгейде қазірдің өзінде жүргізілуде, ал осы бағыттағы Агенттіктің өкілеттілігін заңды тұрғыдан бекіту олардың тиімділігін әлдеқайда артырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық субъектілермен өткізілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ұғымы енгізілуде. Сонымен қатар, жаңа заңнамаларға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайтын субъектілер болып табылатын жекеменшік компаниялар да, жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдап, жүзеге асыра алады. Жаңа заңда сонымен бірге, жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа азаматтық қоғамды кеңінен тарту мәселесін қамтамасыз ету қарастырылған. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг ұғымы енгізіліп отыр, ол жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне жүйелі негізде талдау жүргізуге, осы аумақтағы құқықтық қолдану практикасының жағдайына мүмкіндік береді. Мониторингке мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілері мен ресми сайттарынан басқа, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтері де, БАҚ-тағы жарияланымдар да және әлеуметтік сауалнамалардың мәліметтері де кіретін болады. «Жалпы айтқанда, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы кешенді амал-тәсілдерге кадрлық саясат, қызметкерлердің әдептілігі пен уәждемесін жоғарларту, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жұртшылықпен өзара әрекеттесуде кәсіпкерлік үдерістерді жетілдіру сияқты компоненттер кіреді. Мемлекеттік аппарат, халық және бизнестің өзара байланысқан салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға бағытталған шаралар да жүзеге асырылуда. Осы мақсатта мемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелерін белгілейтін жаңа мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері әзірленуде. Жаңа заңнамалық актілердің барлығы озық әлемдік үрдістерді ескере отырып құрастырылған және бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа кезеңіне өтуге өз септігін тигізеді»,- деді А.Шпекбаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум