Қазақстанда зияткерлік меншікті тіркеу шаралары жеңілдейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда зияткерлік меншік нысандарын тіркеу мен сараптама жүргізу шаралары жеңілдейді. Атап айтсақ, тауар белгілерін тіркеуде және өнеркәсіптегі зияткерлік меншік нысанын пайдалану үшін шарт жасауда әкімшілік кедергілер азаяды.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде ҚР Әділет вице-министрі Эльвира Әзімова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инновациялық жобаларды қолдау үшін, халықаралық міндеттемелер мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, зияткерлік жекеменшік нысанды қорғайтын жүйені күшейту керек. Соңғы он жылдықтағы өзгерістерді ескерсек, зияткерлік жекеменшік нысандарын басқаруға жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу керек. бұл тек құқықтық әдіс-тәсілдер ғана емес, экономикалық сипаттағы тәсілдер»,-деді вице-министр.  

Соңғы жаңалықтар