Қазақстандағы маңызды автожол жобалары бойынша Жол картасы бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Сондай-ақ кеңес барысында Мемлекет басшысының «Қызылорда — Сексеуіл», «Ұлғайсын — Сексеуіл» және «Бейнеу — Сексеуіл» жобаларын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.
Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған автожол жобаларын іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, Қазақстанда құны 100 млн еуродан асатын сутегі өндіру жобасы салынады.