Қазақстандағы еуропалық елдердің елшіліктерінің өкілдері Павлодарға сапар жасады
Өңір басшысы сенбі күні «Еуропа күні» мерекесіне қатысуға арнайы келген қадірлі қонақтарды облыстың экономикасымен және ынтымақтастықтың әлеуеттерімен таныстырды.
Әкім өз сөзінде: «өткен жылы облыстың Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 257 миллион долларды құрады - сауда ынтымақтастығын еселеуде және шетелдік капиталдың қатысуымен заманауи өндірістер құруға мүмкіндіктер баршылық. Біздің елімізде жайлы инвестициялық жағдай жасалған, бірлескен жобалар мен кәсіпорындар үшін мол жеңілдіктер қарастырылған», - деп атап көрсетті.
Іскерлік ынтымақтастық аймақтың индустриялық және мәдени дамуына көмектесетін болады. Қазақстан мен Ресей, облыста өндіруге болатын тауарлар үшін мол мүмкіндік ашып отырған Кеден одағын құруда, деді Б.Сағынтаев өз сөзінде.
Кездесу барысында Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Норбер Жустен мен Испанияның Қазақстандағы Елшісі Альберто Антон Кортес Еуроодақ елдерінің мәдениет, экономика және білім саласындағы ынтымақтастыққа талпыныстарын жеткізді. Словакияның Елшісі Душан Подгорски өз кезегінде, Ертіс трансшекаралық өзенінің проблемаларын шешу жөніндегі бірлескен жұмыстар туралы ұсыныс жасады.
Қадірлі қонақтар «Еуропа күні» мерекесіне қатысып, қала тұрғындарымен жақынырақ танысты.