Қазақстандағы Германия жылы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін береді - Германияның Бас консулы Г. Амелунг

ЛМАТЫ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бұл Германияның Қазақстандағы жылы аясындағы алғашқы шара болмақ.
None
None

Оны ГФР Бас консулы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Еуропаға жол" бағдарламасы: Еуропалық одақ пен Орталық Азияның ынтымақтастық моделі" деп аталатын VII Халықаралық ғылыми конференцияның пленарлық сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан-неміс университеті биыл 7-ші рет ұйымдастырып отырған бұл конференцияның ерекшелігі ол ГФР-дің Сыртқы істер министрлігінің үлкен шаралар жоспарына еніп отыр. Өткен жылы Германиядағы Қазақстан жылы сәтті өткен болатын. Бұл биылғы Қазақстандағы Германия жылы аясында өтіп отырған алғашқы шара болмақ. Ол екі елдің арасындағы ынтмақтастықтың дамуына тың серпін береді", дейді ГФР-дің Бас консулы Гералд Амелунг. Оның айтуынша, "Еуропаға жол" бағдарламасының Қазақстан үшін маңызы өте зор. Қазақстанның стратегиялық дамуында Еуропалық одақ белгілі бір деңгейде үлгі болмақ. Бұл Қазақстанның стратегиялық серіктесті анықтайтын шарасы. 2007 жылы Еуропалық одаққа төрағалық еткен кезде Германия Орталық Азияға қатысты өз тұжырымдамасын жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар