Қазақстандағы ұнды экспорттаушылар үшін қосымша құн салығын қайтарып алу үлкен проблема болып отыр

қпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандағы ұнды экспорттаушылар үшін қосымша құн салығын қайтарып алу үлкен проблема болып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде Астықты өңдеу және наубайшылар одағының вице-президенті Виталий Лагода мәлім етті, ждеп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейде қосымша құн салығын қайтарып алу 183 күннің ішінде іске асатын болса, Қазақстандағы көптеген кәсіпорындар бір жылдан астам уақыттан қосымша құн салығын ала алмай келеді. «Көптеген кәсіпорындарда айналым қаржысы жоқ. Бізде астық өндіретін және ұн өндіруді жалғастыратын қаржы жоқ», деді ол.

Бұл ретте В. Лагода кәсіпорындар қосымша құн салығын қайтару мақсатында салық органдарын бастырмалатын болса, олардың тарапынан қарама-қарсы қысым туындайтынын айта келе: «Олар қандай да бір жүрістерді тауып алады. Менің ойымша, олары заңсыз», деді.

Соңғы жаңалықтар