Қазақстандағы «Ядролық отын банкі» қауіпсіздігіне алаңдаудың реті жоқ- АҚШ мемхатшысының көмекшісі Т. Кантримен

«АҚШ Өскемен қаласында Үлбі металлургиялық зауыты аумағында құрылған «Ядролық отын банкі» қауіпсіздігіне әлеуетті қауіп бар деп санай ма?» деген тілшіміздің сауалына Ақ үй өкілі АҚШ пен Қазақстанның жиырма жыл ішіндегі ынтымақтастық тәжірибесі Қазақстанда ядролық қауіпсіздіктің жоғары жауап беретінін атап өтті. - Сондықтан, Қазақстандағы «Ядролық отын банкі» қауіпсіздігіне қауіп бар деп алаңдаудың реті жоқ. Банк - қалыпты жұмыс істейтін коммерциялық нарық жағдайындағы қарапайым қауіпсіздіктің кепілі. Біз елдердің ядролық отын банкіне жүгінетін сәттері сирек болады деп үміттенеміз. ЯОБ қалай жұмыс істейтінін, қалай орнығатынын түсінгенде кез келген қауіпті, оның ішінде түрлі саяси жағдайларға қатысты тәуекелді азайтады деп ойлаймын. «Ислам мемлекеті» содырларынан жаппай қырып-жою қаупінің орын алуы тәуекелдері жайлы айтсақ, шынымен ИМ амбициясы бар. Екінші жағынан әлемнің әр елдері осы қауіпке қарсы тұруға физикалық та, идеологиялық жағынан да бірлесіп жатқаны қатты қуантады. Қазақстан әлемнің басқа да алпыс елі сияқты ИМ-мен күреске қатысуда. «Ислам мемлекеті» лаңкестері Қазақстанның аумақтық тұтастығына қауіп әкелмейді, бірақ террорлық жағынан келсек, әлемнің кез келген еліне қауіпті. Сондықтан, АҚШ пен Қазақстан арасында ғана емес, сонымен бірге ҚР және басқа де көрші елдер арасындағы терроризмге қарсы әрекет саласындағы ынтымақтастықты арттыра түсу маңызды, - деді ол.