Қазақстандық актер Джеки Чанның жаңа фильмінде ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық актер Рүстем Омаров Джеки Чанның халықаралық жобасы «Құдіретті сауыт: Ультиматум» атты жаңа фильмінің түсіріліміне қатысады.

Қазақстандық актер Джеки Чанның жаңа фильмінде ойнайды
Фото: _omarov_rustem/instagram.com

Salem Entertainment компаниясының ақпараты бойынша, Рүстем Омаров бұл жобада сценарист әрі актер болады.

— Бала кезімнің кумирі Джеки Чанмен бірге түсетініме өте қуаныштымын, — деп жазды Рүстем Омаров.

Бұған дейін қазан айының басында әйгілі «Құдіретті сауыт» франшизасының төртінші бөлімі Қазақстанда түсірілетіні хабарланған еді.

Бұл франшиза — 1986 жылы Джеки Чанның өзі түсіріп, басты рөлде ойнаған культтік гонконгтік шытырман оқиғалы боевик. Кейін оның жалғасы — «Құдіретті сауыт 2: Кондор операциясы» (1991) және «Құдіретті сауыт 3: Зодиак миссиясы» (2012) фильмдері жарық көрді.

Сондай-ақ бұған дейін жаңа халықаралық жобаның режиссері қазақстандық Роберт Кун болатыны хабарланған.

Эксклюзивті сұхбатында Роберт Кун Джеки Чанның кино әлеміндегі өзіне шабыт беруші тұлға болғанын атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар