Қазақстандық ауыр атлет рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.
Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды — 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді — 335 (151+184) келі.
Еске салайық, қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.