Қазақстандық балуан Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орыннан көрінді. 

Зейнеп Баянова
Фото: olympic.kz/

Отандасымыз жарыстан кейінгі сұқбатында қарсыластары жайлы айтып берді.

— Осы күнге дейін қолдау көрсеткен барша жанкүйерге көп рақмет. Жарыстағы нәтижеме көңілім толмады. Мақсатым — чемпион атану еді. Нигерия балуаны физикалық тұрғыда басымдық танытты. Ал өзім тактикалық жағынан қателік жіберіп, соның салдарынан жеңіліп қалдым.

Қола жүлде үшін күрескен қыз да өте мықты болды. Оның Нигерия балуанымен күресін қарадым. Нәтижесінде тактикамды өзгертуге тура келді.

Алда өтетін Қазақстан чемпионатында 53 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетемін, — деді Зейнеп Баянова.

Айта кетейік, Зейнеп Баянова 53 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Тәжікстан спортшысы Ватансултон Шакаршоованы 14:3 есебімен жеңді.

Айта кетелік Қазақстан әйелдер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар