Қазақстандық биатлоншы IBU Кубогында алғашқы алтылыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Польшаның Якушице қаласында биатлоннан юниорлар арасындағы IBU Кубогының үшінші кезеңі аясында спринт жарысы өтт

ҚР Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қыздар арасында 10 шақырымдық спринтте қазақстандық биатлоншы Генева Милана 87 спортшының арасынан үздік ондыққа ілікті. Ол аталған қышықтықты +2:00.4; 1 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 6-шы болып кесіп өтті.
Аталған бәсекеде бас жүлдені австриялық Анна Андексер (24:05.9;1) жеңіп алса, күміс жүлдені неміс биатлоншысы Алина Нуссбикер (+1:29.0;1) қанжығасына байлады. Ал жүлдені тағы бір неміс спортшысы Юлия Фоглер (+1:46.7) қанжығасына байлады.
Сондай-ақ осы сында ел намысын қорғаған тағы бір Қазақстан құрамасының мүшесі Крюкова Арина мәреге 21-ші болып жетсе, Мария Польдяева 41-ші, Карабаева Алема 49-шы, Долгополова Ксения 73-ші болып мәреге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 7-18 ақпан аралығында Чехияның Нове-Место қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтыны туралы осыған дейін жазған болатынбыз