Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатының жартылай финалында кімдермен кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық 8 боксшының қарсыластары белгілі болды. 

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатының жартылай финалында кімдермен кездеседі
Фото: ҰОК

Жекпе-жек кестесі (Қазақстан уақытымен)

12 қыркүйек

19:00. Әйелдер. 60 келі. Жартылай финал. Виктория Графеева - Ребека де Лима Сантос (Бразилия);

22:30. Әйелдер. 65 келі. Жартылай финал. Аида Әбікеева - Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия);

23:15. Әйелдер. 80 келіден жоғары. Жартылай финал. Елдана Тәліпова - Агата Качмарска (Польша);

01:15. Ерлер. 90 келіден жоғары. Жартылай финал. Айбек Оралбай - Хулио Сезар ла Крус (Куба).

13 қыркүйек

18:00. Ерлер. 55 келі. Жартылай финал. Махмұд Сабырхан - Лю Чуан (Қытай);

22:15. Әйелдер. 51 келі. Жартылай финал. Алуа Балқыбекова - Ци Синью (Қытай);

22:45. Ерлер. 70 келі. Жартылай финал. Төрехан Сабырхан - Одель Камара (Англия);

23:15. Әйелдер. 70 келі. Жартылай финал. Наталья Богданова - Шантель Рид (Англия). 

Айта кетсек, ел құрамасынан 12 қыркүйекте Назым Қызайбай (48 келі) мен Санжар Тәшкенбай (50 келі) ширек финалда сынға түседі.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатындағы жорығын Қазақстан құрамасынан Ертуған Зейнулинов (65 келі) аяқтады.

Соңғы жаңалықтар