Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды

АСТАНА. KAZINFORM – Әскери қызметкерлерді елорда әуежайынан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бастаған қарулы күш құрамы салтанатты түрде қарсы алды. 

Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Бүгін Отан алдындағы борышын орындап елге оралған сарбаздарды қарсы алдық. Бітімгерлер адал да ерен еңбегімен жақын туысының ғана емес барша халықтың мақтанышы. Сіздерді бір жыл бұрын Бас қолбасшының командалық тапсырмасымен бітімгерлік миссияны орындауға жібердік. Қойылған міндетті мүлтіксіз орындап елге оралдыңыздар, әскери міндетті берік болған сіздерде алғыс айтамын, — деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бітімгерлерді қарсы ала тұрып.

Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Сондай-ақ министр бітімгерлік миссияның аласапыран аймақта халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы маңызды міндет болғанын айтты.

— Сіздердің күш-жігерлеріңіз назардан тыс қалмай, халықаралық аренада Қазақстанның беделін жауапты, әрі бейбіт мемлекет ретінде одан әрі нығайтуға негіз болды. Адал қызметтеріңіз бен жауынгерлік тапсырманы орындаудағы жауапкершіліктеріңіз, сондай-ақ, қазіргі таңда басынан қиын кезеңді өткеріп жатқан адамдарға көмек қолын созғандарыңыз үшін алғыс білдіремін, - дейді Р. Жақсылықов.

Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Еске салсақ, 2024 жылы наурызда Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті (139 әскери қызметкер) БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілді. 

сарбаздар елге оралды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
сарбаз
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады. 

Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

 

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы күштерінің бөлінуді бақылау миссиясының қолбасшылығы (СООННР — UNDOF) Голан биіктіктерінде ҚР Қарулы Күштерінің ұлттық бітімгершілік контингентін жеткізу және орналастыру қызметін жоғары бағалады.  

сарбаз
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
сарбаздар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Биыл ақпанда Сенат Қазақстанның бітімгерлеріне арналған өтемақыға қатысты заңды мақұлдады.  

Сондай-ақ бірер күн бұрын Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды. 

Соңғы жаңалықтар