Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық екі балуан U17 әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде финалдық кезеңге жолдама алды.

Қазақстандық екі балуан U17 әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады
Фото: UWW

Інжу Баққожа (46 келіге дейін) мен Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін) қола медаль үшін күреседі.

Екі балуан да жартылай финалға дейін жеткенімен, қарсыластарына есе жіберді. Енді олардың қола жүлде үшін өтетін белдесулердегі қарсыластары жұбаныш кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған еді.