Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатында үшінші орын алды

wrestling
Photo: National Olympic Committee of Kazakhstan

АСТАНА. KAZINFORM - Иордания астанасы Амман қаласында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Құрлықтық додада қазақстандық балуандар сегіз медаль алды. Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (110 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал Бекасыл Асамбек (60 келі) күміс медаль алды.

Сондай-ақ Бекзат Амангелді (45 келі). Ибрахим Ысқақбек (51 келі), Ералы Әскербек (55 келі), Бақдәулет Әкімжан (65 келі), Әмір Оразбаев (71 келі) және Бейбарыс Ерғали (80 келі) қола жүлдегер атанды.

«Негізі үш алтын алатын шамамыз бар еді. 60, 71 және 80 келідегі балуандардың финалға шығатын шамасы болды. Өздері қате жіберіп, жеңіліп қалды. Қателіктерді көрдік, енді сол кемшіліктерді әлем чемпионатына дейін реттеуге тырысамыз», - деді Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Дәулет Ниязбеков. 

Аталған турнирде Қазақстан құрамасы үшінші орын иеленді.

Еске салсақ, спорттық құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов Париж Олимпиадасына барады.

Соңғы жаңалықтар
telegram