Қазақстандық каратэші Қытайдағы Премьер-лиганың қола жүлдесін жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Лэшань қаласында каратэден Премьер-лига санатындағы жарыста қазақстандық Олжас Алтынбек жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Қазақстан каратэ федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық спортшы 67 келіге дейінгі салмақта кіші финалда Бразилия өкілі Винисиус Фигуероны айқын басымдылықпен ұтты — 6:2.
Бұл — Олжас Алтынбектің Премьер-лига санатындағы турнирде қол жеткізген бастапқы медалі.
Жарыс барысында Олжас топтық кезеңде Бельгия, Франция және Грекия өкілін жолдан тайдырды Ширек финалда Росарио Руджьероны (Италия) жеңді. Жартылай финалда Абдул ваххоб Рашидовқа (Өзбекстан) есе жіберді.
Осылайша, Лэшань Премьер-лигасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық каратэшінің Түркиядағы Премьер-лига турнирінде топ жарғанын жазған болатынбыз.