19:50, 25 Қаңтар 2026 | GMT +5
Қазақстандық каратэші Түркиядағы Премьер-лига турнирінде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Бэлла Самашева Ыстанбұл қаласында WKF каратэден өтіп жатқан Премьер-лига бәсекесінде үздік шықты.
Қазақстандық каратэші осындай деңгейдегі жылдың алғашқы додасында 55 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Бэлла финалда словакиялық Нина Квасникованы ұтты. Бұл – ұлттық құраманың қоржынына түскен алғашқы жүлде.
Сондай-ақ команда көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) финалға шықты. Соңғы бәсекеде ол Непал өкілімен күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ыстанбұлда каратэден өтетін Премьер-лига бәсекесіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған едік.