Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингіде көш бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Мөлдір Жаңбырбай каратэшілер арасындағы әлемдік рейтингіде өз дивизионындағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. 

каратэ
Фото: Olympic.kz

2023 жылы әлем чемпионы болған қазақстандық спортшы 50 келі салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингіде бірінші орында келеді. 

Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әлем чемпионы атағынан бөлек ол 2021 жылы кумитеден Азия чемпионы атанса, сол жылы командалық кумитеден қола жүлдеге ие болды. Ал 2023 жылы кумитеден Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол созды. 

Айта кетсек, Мөлдір биыл сәуір айында Мысыр астанасы Каирдағы Премьер-лига турнирінде үздік шықты. Осылайша отандасымыз қатарынан үшінші Премьер-лига жарысында жүлде алды. Бұған дейін ол Парижде қола, Ханчжоуда күміс жүлдегер болған еді. 

Сондай-ақ 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Софья Берульцева рейтингіде 68 келіден жоғары салмақта екінші орынға тұрақтады. Әлем чемпионатының қола жүлдегері болған қазақстандық тағы бір каратэші Әсел Қанай 61 келіде екінші орынға жайғасты. 

Соңғы жаңалықтар