Қазақстандық киберспортшы HLTV нұсқасы бойынша әлемнің үздік дебютанты атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко HLTV.org порталының таңдауы бойынша CS2 дисциплинасы бойынша 2025 жылдың үздік дебютанты атанды.

Қазақстандық киберспортшы HLTV нұсқасы бойынша әлемнің үздік дебютанты атанды
Фото: danil.molodoy_ / instagram

Бұл нәтижелер HLTV Awards 2025 салтанатты рәсімінде жарияланды. Онда Counter-Strike ойыны бойынша әлемінің үздік ойыншылары мен командалары марапатталды.

FURIA Esports командасының қазақстандық ойыншысы бұл атаққа үміткерлер арасында басты қарсыластары ресейлік Максим kyousuke Лукин (Team Falcons) мен Косоводан шыққан Дрин makazze Шакирден (Natus Vincere) басым түсті.

Марапатты қазақ спортшысына Counter-Strike тарихындағы белгілі ойыншылардың бірі, мароккалық-бельгиялық Адиль ScreaM Бенрлито табыс етті. Ал «Жыл ойыншысы» атағы үшінші рет француз Матье ZywOo Эрбода қалды. Сонымен қатар Данил Голубенко маусым қорытындысы бойынша HLTV-дің жалпы рейтингінде 6-орынға көтерілді.

Қазақстандық киберспортшы HLTV нұсқасы бойынша әлемнің үздік дебютанты атанды
Фото: danil.molodoy_ / instagram

20 жастағы Данил Голубенко – Семей қаласының тумасы. Ол бұл спорт түрі бойынша бірқатар белесті бағындырып үлгерді. Атап айтқанда, FURIA Esports командасына 2025 жылдың көктемінде қосылғаннан кейін, жазда Астанада өткен ірі PGL турнирінің жартылай финалына шықты. Маусымның маңызды оқиғасы – 21 қыркүйекте FURIA командасының FISSURA Playgrounds 2 турнирінде 1,2 миллион доллар жүлде қорымен жеңіске жетуі болды. Осы турнирде Данил Голубенко MVP атағын иеленіп, өзінің жоғары деңгейдегі ойын шеберлігін көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық киберспортшы кезекті мәрте халықарылық турнирде топ жарғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар