Қазақстандық мерген Александра Ле Олимпиаданы 6-орынмен аяқтады

ПАРИЖ. KAZINFORM — Олимп ойындарында 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысында отандасымыз Александра Ле жарысты 6-орынмен аяқтады.

нысана көздеу
Фото: ҰОК

Финалдық сайыста жүлде бұйырмаса да, Александра Ле 5 дүркін әлем чемпионы Дженат Хегг (Норвегия), 3 дүркін әлем чемпионы Рамита Жиндалдан (Үндістан) басып озды.

Бұған дейін 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында дәл осындай үздік көрсеткішке қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Ольга Довгун қол жеткізген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Александра Ле бұған дейін аралас жұптық сайыста Ислам Сәтпаевпен бірге Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған еді.

Ал пневматикалық тапаншадан (10 м) оқу ату сынында Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин жұбы бақ сынады. 

Жалпы 17 команда қатысқан бұл сайыста қазақстандық спортшылар 575-19 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады.

Енді бұл сайыста 1-2-орындарды Түркия мен Сербия, қола жүлдені Үндістан мен Оңтүстік Корея мергендері өзара сарапқа салады. 

Соңғы жаңалықтар