Қазақстандық оқушылар FIDA дрон-соккер бойынша әлем чемпионатына қатысып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 25–28 қыркүйек аралығында Чонджу қаласында (Оңтүстік Корея) тарихтағы алғашқы FIDA дрон-соккер әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстандық оқушылар FIDA дрон-соккер бойынша алғашқы әлем чемпионатына қатысып жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысып жатыр.

Алғаш рет Қазақстан өз ұлттық делегациясын ұсынды. Оның құрамына елордадан үш команда кірді:

• №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,
• №8 мектеп-лицейі,
• SKILLSET мектебі.

Жалпы чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам қатысушы жол тартты.

Drone Soccer – заманауи спорт түрі, ол дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік шығармашылықты және командалық жұмысты ұштастырады.

Қазақстандық оқушылардың әлемдік чемпионатқа қатысуы – STEM-білім мен жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен насихаттауға жасалған маңызды қадам. 

Айта кетелік еліміздің үздік педагогі 4 млн теңге сыйақы алатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар