Қазақстандық пара дзюдошылар 10 лицензияға ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVII жазғы Паралимпиада ойындарында ел намысын он пара дзюдошы қорғайтын болды.

Қазақстандық пара дзюдошылар 10 лицензияға ие болды
Фото: csp_parasport.kz

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынан мәлім еткеніндей, төртжылдықтың басты додасына төмендегі спортшылар жолдама алды.

дзюдо
Фото: Спорттық даярлау орталығы

Әйелдер арасында:

Ақмарал Науатбек, 48 кг (J2),

Даяна Федосова, 57 кг (J2),

Аяла Мереке, 70 кг (J2),

Зарина Райфова, +70 кг (J2),

Альфия Тілекқабыл, 57 кг (J1).

дзюдо
Фото: Спорттық даярлау орталығы

Ерлер:

Ерғали Шамей, 73 кг (J1),

Бауыржан Арыстанбеков, 90 кг (J1),

Ерлан Өтепов, +90 кг (J1),

Жүрқамырза Шүкірбеков, +90 кг (J2),

Ғалымжан Смағұлұлы, 90 кг (J2).

дзюдо
Фото: Спорттық даярлау орталығы

Қазіргі уақытта Қазақстан спорттың 9 түрі бойынша 32 лицензия жеңіп алды: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таэквондо (3), пара каноэ (2), пара оқ ату (2) және пара дзюдо (10). 

Соңғы жаңалықтар