Қазақстандық параволейболшылар әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық параволейболшылар С тобында Хорватия құрамасымен шеберлік байқасты.
Бастапқы партияда Бауыржан Тахауовтың шәкірттері 25:16 есебімен басым түсті. Одан кейінгі екі сет те 25:19 есебімен аяқталды.
Қорытынды есеп – 3:0, Қазақстанның пайдасында.
Ертең Қазақстан құрамасы өз тобында екінші кездесуін Бразилиямен өткізеді. Содан соң Ирак командасы күтіп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық параволейболшылардың әлем чемпионатында бақ сынайтынын жазған едік.