Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық параволейболшылар әлем чемпионатының ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1/8 финалдағы матчын жеңіспен түйіндеді.

Қазақстан пара волейбол федерациясы
Фото: Қазақстан пара волейбол федерациясы

Бұл жолы Бауыржан Тахауовтың шәкірттері Польша құрамасына қарсы келді. Алғашқы екі сет 25:18 есебімен аяқталды.

Қазақстандық параволейболшылар үшінші партияда да қарқынды бәсеңдеткен жоқ – 25:20.

Қорытынды есеп – 3:0, Қазақстанның пайдасында .

Ойынды Халықаралық Паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонс тамашалады.

Осылайша, Қазақстан әлем чемпионатында үздік сегіз команданың қатарына енді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын пара волейболдан әлем чемпионатында Иракты жеңген Қазақстан құрамасының плей-офф кезеңіне шыққанын жазған едік.