Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пара волейболдан әлем чемпионаты: Иракты жеңген Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы С тобында қорытынды матчын өткізді. 

Пара волейболдан әлем чемпионаты: Иракты жеңген Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шықты
Фото: Қазақстан пара волейбол федерациясынан

Қазақстандық параволейболшылар бұл жолы Ирак құрамасына қарсы келді.

Бірінші кездесуінде Хорватияны ұтқанымен, кеше Бразилияға есе жіберген Қазақстан құрамасы үшін бұл ойынның маңызы ерекше еді.

Бауыржан Тахауовтың шәкірттері жеңіс үшін барын салып, Иракты 3:0 (25:12, 25:20, 25:19) есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы өз тобында екінші орынға ие болып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық параволейболшылардың әлем чемпионатында бақ сынайтынын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық параволейболшылар әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады.

Пара волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Бразилияға есе жіберді.