22:27, 02 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде бақ сынады.
Семсер қаруымен айқасудан құрамада ең жоғары нәтижені Нұржан Әбжанов көрсетті. Ол жарысты 22-орынмен аяқтады. ҚР ҰОК мәліметінше, Берік Орынбасар 56-орынға, Нұрмұхаммед Балтабай 61-орынға, Нариман Уәлихан 71-орынға ие болды.
Ал Александр Шешин 103-орынға, Жанарбек Жанұзақов 138-орынға және Анварбек Бауыржан 179-орынға тұрақтады.
Командалық бәсекеде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға табан тіреді.
Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер әлем кубогінің кезеңінде өнер көрсететінін жазған едік.