Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM—Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы мәлім етті.

Алматыда жер сілкінісі сезілді
Фото: aa.com.tr/ru

Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 10 тамызында Астана уақыты бойынша 10 сағат 26 минутта Қырғызстанда жер сілкінісі болды.

Эпицентр координаттары: 42.67 с.е, 72.16 ш.б. MPV магнитудасы=4,4 энергетикалық класы K=9.8.

8 тамызда Жапонияның Кюсю аралындағы 6,9 балдық жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланды. Аралдағы пойыздардың қозғалысы шұғыл түрде тоқтатылды. Сонымен қатар, жер сілкінісі бастапқыда 6,9 бал болды, кейінірек 7,1-ге жетті.

Бұған дейін ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институты Рудный аумағында жер сілкінісін тіркеген болатын. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар