Қазақстандық сейсмологтер Қытай мен Ауғанстандағы жер сілкінісін тіркеді

11 қазанда сейсмикалық станциялар желісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 588 шақырым жерде Қытайда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1450 шақырым жерде Ауғанстан аумағында болған екі жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Kazinform агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘК» ЖШС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

quake
Фото: Ашық дереккөз

Қытай аумағындағы жер сілкінісі Алматы уақытымен 6 сағат 15 минут 22 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы - 4.2. Тереңдігі - 20 км. Ауғанстандағы жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 6 сағат 44 минут 05 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. Магнитудасы - 6,5. Тереңдігі -10 км. Сезілгіштігі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Ауғанстанда күшті жер сілкінісі болып, салдарынан кем дегенде 2445 адам қаза тапқан болатын. Магнитудасы 6,3 болатын бірінші жер сілкінісі 7 қазан күні таңертең Герат қаласының солтүстік-батысындағы аудандарда болды. Алғашқы жер сілкінісінен кейін тағы сегіз күшті дүмпу болды.

Соңғы жаңалықтар