Қазақстандық сейсмологтер Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 3:55-те жер сілкінісін тіркеді.

Қытай
Фото: freepik.com

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 456 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.1. MPV магнитудасы - 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,31°с.е. 82,36° ш. б. Тереңдігі - 5 км.

Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Соңғы жаңалықтар