Қазақстандық спортшы Паралимпиада ойындарында екінші медаль жеңіп алды

Ханчжоу қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында VL3 санатындағы ерлер арасында параканоэ есуден финалдық жарыстар өтті. Каzinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

каноэ
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының өкілі Бибарыс Спатай өзбекстандық қарсыласы Хайтмұрот Шеркузиевтен небәрі 0,463 секунд артта қалып, екінші болды. Үшінші орынды жергілікті спортшы Пу Йи (+1,010) иеленді.

Қазақстандық үшін бұл осы ойындардағы екінші медаль болды. Бір күн бұрын ол KL2 санатында күміс жүлдеге ие болды.

Қазіргі кезде Қазақстанның қоржынында Ханчжоудағы Пара ойындарында жеңіп алған он медаль бар – екі алтын, төрт күміс және төрт қола.

Соңғы жаңалықтар