Батуттағы гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы үздік ондыққа енді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы батуттағы гимнастикадан Әзербайжанның Баку қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар батуттағы гимнастикадан әлем кубогында үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, батутта секіру бағдарламасында қазақстандық спортшылар екі рет финалға жолдама алды.

Жекелей сайыста шешуші кезеңге Роман Барков шығып, жарыс нәтижесі бойынша сегізінші орынды иеленді.

Ал синхронды секіруде Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов бесінші нәтиже көрсетті.

Бұған дейін Нариман Курбановтың Германиядағы әлем кубогы кезеңінде қола медаль алғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум