Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ордо сайысына қатысып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Кырчын шатқалында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында қырғыздың ордо ұлттық ойынынан жарыс жалғасып жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны медиа штабының мәліметінше, ордо ұлттық ойынына 13 елден 115 спортшы тіркелген. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Бұл ойын көшпенділер мұрасын әлемдік аренада насихаттауға бағытталған.
Жарыстың алғашқы күніндегі нәтижелер:
Қырғызстан – Чехия: 66:3
Қазақстан – Малайзия: 24:0
АҚШ – Пәкістан: 28:4
Чехия – Хорватия: 5:5
Түркия – Моңғолия: 16:6
Қырғызстан – Испания: 94:9
Қазақстан – Моңғолия: 16:0
Айта кетейік, ордо сайысы 5 қыркүйекке дейін жалғасады.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел құрамасы арқан тартыстан қос алтын алғанын жазғанбыз.
Сонымен қатар, Арман Қошқаров Көшпенділер ойынында құсбегілектен күміс медаль жеңіп алды.