Арман Қошқаров Көшпенділер ойынында құсбегілектен күміс медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегілік спортынан Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Арман Қошқаров
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бұл турмалы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

Бүркіт бәсекесінде Қошқаров Арман шеберлігі мен тәжірибесін көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы медальдар қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Еске салайық, мұның алдында самбошы Болат Сапар Көшпенділер ойындарында алтын жүлде жеңіп алғанын жазған едік.