Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореяда өтетін командалық Әлем кубогына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Таеквондодан Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін командалық Әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы жарияланды.
Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі келесідей:
- Мақсат Орынбасар;
- Абдурахмон Марипов;
- Әнуар Мұхаметкарымов;
- Батырхан Кусетов;
- Камила Аймұқашева;
- Аида Тәукенова;
- Аружан Найманбаева;
- Нұрай Қазнабек.
Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 14-16 шілде аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың жарыс бағдарламасы бекітілгенін жазғанбыз.