Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық біріншілігіндегі қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Мельбурн қаласында Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.

Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық біріншілігіндегі қарсыластары анықталды
Фото: Sports.kz

Қазақстанның әйелдер арасында бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда WTA рейтингісінде 97-орында тұрған словениялық Кайя Юванды сынап көреді.

Рейтингіде 104-орындағы Юлия Путинцева әлемнің 58-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

WTA рейтингісінде 246-сатыдағы Зарина Дияс әлемнің 25-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кортта кездеседі. 

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик бастапқы бәсекесін рейтингіде 48-орындағы америкалық Джейсон Бруксбимен өткізеді.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 104-сатыдағы Александр Шевченко іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды.

Аустралия ашық чемпионаты 18 қаңтар күні басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Ұлыбританиядағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар