Қазақстандық триатлоншы Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының спортшысы Диана Ержанова Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Диана Ержанова жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.
Күміс жүлдені Румыния өкілі Тунде Кришан (35:48) иеленсе, Италия спортшысы Элис Вентре (35:50) қола медальға қол жеткізді.
Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі Алуа Нұрмұхамет бесінші орынға (36:03), Калерия Шнайдер алтыншы орынға (36:07), ал Аида Ким тоғызыншы орынға (36:13) тұрақтады.
Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер екінші рет қатарынан Астана турнирінің финалына дейін жетті.