Қазақстандық жекпе-жек шебері UFC-де сенсация жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жекпе жек-шебері Дияр Нұрғожай (10-2) аралас жекпе-жектен Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 326 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Нұрғожай бразиялилық дебютант Рафаэл Тобиасқа (14-1) қарсы шықты. Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа есептелген болатын. Жекпе-жек ойламаған жерден төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді. Айта кетерлігі, бұл жерде фаворит бразилиялық спортшы болатын.
Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансанбында 11-ші жеңісіне қол жетізді, ал Рафаэл Тобиас кәсіби ММА-да екінші рет жеңілді. Дияр Нұрғожай UFC-де алғаш рет жеңіске жетіп тұр. Бұрын ол екі рет жеңілген болатын.
Осыған дейін аралас жекпе-жек шебері Санжар Иманғали Азия ойындарының жүлдегері атанған болатын.