08:55, 09 Қараша 2025 | GMT +5
Қазақстандық жүзгіштер Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден алғашқы жарыс күні аяқталды.
Жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының өкілдері бірқатар финалдық кезеңге жолдама алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Әділбек Мусин, Максим Сказобцов және Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалға шықты.
Айбат Мырзамұратов 100 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль үшін сынға түседі. Ал 50 метрге еркін стильмен жүзуден шешуші кезеңде ел намысын Софья Сподаренко мен Глеб Коваленя қорғайды.
Айта кетейік, Самалай Ерғалиева Эр-Риядтағы жарыста Қазақстан қоржынын қоламен толықтырды.
Ержан Еренқайыпов, Шерзод Давлатов Ислам Ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды.