Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандықтар несиеден 14 күн ішінде айыппұлсыз бас тарта алады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандықтарға кепілсіз қарыз рәсімдеуден айыппұлсыз бас тартуға 14 күн беріледі. Бұл норма ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген банктерге қойылатын жаңа талаптарда көзделген.

Несиені ресімдеу
قارجى نارىعىن رەتتەۋ جانە دامىتۋ اگەنتتىگى

Құжатқа сәйкес, бұл құқық мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген қарыз шарттарына, сондай-ақ осындай қарызға байланысты жасалған ерікті сақтандыру шарттарына қолданылады.

Қаржы өнімінен немесе қосымша қызметтен шарт жасалған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде бас тартуға болады.

Алайда алынған қарыздан бас тарту толығымен тегін болмайды. Қарыз алушы ақшаны нақты пайдаланған күндер үшін есептелген сыйақыны төлеуге тиіс.

Сақтандыру шартынан бас тартқан жағдайда қаржы ұйымы сақтандыру шарты күшінде болған кезеңге қарай сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ұстап қала алады. Сондай-ақ қаржы өнімін ұсынуға тікелей байланысты нақты жұмсалған шығындарды өтеу қарастырылған.

Қаржы ұйымдары клиентке қарыздан немесе қосымша қызметтен айыппұлсыз бас тарту мүмкіндігі туралы шарт жасалғанға дейін хабарлауға міндетті. Бас тарту рәсімі қолжетімді болып, тұтынушыдан қосымша әрекеттерді талап етпеуге тиіс.

Бұған дейін Қазақстанда берешегі көбейген азаматтарға бірнеше кредитін бір жүйе арқылы реттеп, ай сайынғы төлемін азайтуға мүмкіндік берілетінін жазған едік.