Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 449,9 млрд теңге жинағын шешіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы қоры активтері мен теңге бағамына қатысты түсінік берді.

зейнетақы қоры
Коллаж: Kazinform

— Жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 23,5 трлн теңгеге немесе 4,7 пайызға ұлғайды. Сондай-ақ биыл алты айда инвестициялық табыс көлемі 371 млрд теңгеге жетті, ал зейнетақы жарналары 1,4 трлн теңгені құрады. Ал қаражатты мерзімінен бұрын алу сомасы 449,9 млрд теңге болды, — деді Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында.

Одан әрі Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына тоқталды.

— Жыл басынан бері теңгенің бағамы бір доллар үшін 519,73 теңгеге дейін 1, %-ке нығайды (2025 жылғы 30 маусымда). Сыртқы факторлар жағынан әлемдік сауда геосаяси жағдайға байланысты нарықтағы құбылмалылық және Ресей рублінің нығаюы байқалады. Сонымен қатар, мұнай бағасы шамамен бір баррель үшін $70 доллар деңгейінде қалыптасты. Ал ішкі факторларға келсек, жыл басында импорттық сатып алу қысқарды және экспорттаушылардың салық төлемі есебінен валюта ұсынысының ұлғаюы ұлттық валютаны қолдауға әсер етті, — деп түсіндірді төраға теңге тағдырын.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл алты айда Ұлттық қор 4,7 млрд доллар инвестициялық табыспен толықты. 

Соңғы жаңалықтар