Қазақстандық әнші Қытайда өткен халықаралық ән фестивалінде «Япурайды» шырқады

  АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Газрет Ержанов 1 қараша күні қытайдың Чэнду қаласында «Asia-Pacific Broadcasting Union (ABU) TV Song Festival 2017» шарасында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, 54-ші Азия-Тынықмұхиттық Телерадиотарату одағы жиналысы аясында өткізіліп отырған халқаралық ән фестиваліне 14 елдің әншілері қатысты. Ержанов өз кезегінде қазақтың халық әні «Япурайды» шырқады.

31 қазан күнгі баспасөз мәслихатында отандасымыз қытайлық БАҚ өкілдерінің назарын аударды.  Оның келісті келбетін қытайлықтар өздерінің танымал әншісі Уаң Ли Хоңға (Wang Leehom) ұқсатып, «Қазақстандық Уаң Ли Хоң» атап үлгерді. Ал отандасымыз қытайлықтардың жылы лебізіне алғысын айтып, алдағы уақытта қытай тілін үйреніп, қытай сахнасында да өнер көрсеткісі келетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар