Қазақстандық БАҚ қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық беделін арттыруға қомақты үлес қосып келеді - Қ. Мәми

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат -Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми интернеттегі жеке парақшасында Қазақстан БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрметті журналистер, Сіздерді байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетті дамыту бағдарламасын табысты орындауға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық беделін арттыруға қомақты үлес қосып келеді», - дей келе спикер әсіресе, парламенттік тілшілерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтады.

«Республиканың жоғары заң шығару органының қызметі туралы шынайы және толық ақпарат қоғамдағы құқықтық негіздерді нығайтуға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мол тәжірибесі, біліктілігі, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы қазақстандық журналистиканың ізгі дәстүрлерін одан әрі жалғастыруға қызмет ете береді деп сенемін.
Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, шығармашылық табыстар тілеймін!», - деп жазады спикер Қ. Мәми.

Соңғы жаңалықтар
telegram