Қазақстандық білім беру жүйесінің негізі о баста Кеңес одағында жетілген жүйенің арқасында, кеңес кезеңінде қалыптасқан - К.Мәсімов
ТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық білім беру жүйесінің негізі о баста Кеңес одағында жетілген жүйенің арқасында, кеңес кезеңінде қалыптасқан.
Бұл туралы «Очевидное-невероятное» бағдарламасына берген арнайы сұхбатында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Үкімет басшысы 1 қазан күні Ресейдің «Культура» телеарнасының эфиріне шыққан бағдарламаға эксклюзивті сұхбат берген.
www.pm.kz , сайтында жарияланғандай, Кәрім Мәсімов бағдарлама жүргізушісі, танымал ғалым Сергей Капицамен болған әңгіме барысында Кәрім Мәсімов, «қазақстандық білім беру жүйесінің негізі о баста Кеңес одағында жетілген жүйенің арқасында, кеңес кезеңінде қалыптасқанын» атап көрсетті.
«Біз Кеңес одағының бір бөлігі болдық, біздің жоғары біліміміз бен ғылымымыз кеңес дәуірінен қалған ортақ белгі», - деді К.Мәсімов.
«Ресейдің ядролық физика саласының ғалымдарымен, яғни Дубнадағы, Курчатов университетінде Сіздің әріптестеріңізбен пікірлесу, кезінде одақтас органдармен Қазақстанның аумағында дамытылған бағдарламалармен танысу мүмкіндігіне ие болдым және менің ойымша, көптеген бағдарламаларды жандандырудың әлеуеті бар. Яғни, негізі қалаған және берері мол бағдарламаларды жаңа серіктестік шарттармен жандандыруға болады»,- деп атап көрсетті Қазақстанның Премьер-Министрі.
Премьер сондай-ақ Қазақстанның әлемдік ғылым және білім кеңістігінің бір бөлігіне айналуға талпынып отырғанын атап көрсетті.
«Жоғары білімді дамыту мәселесінде кейбір стандарттарды біз англосаксондық жүйе моделі негізінде, оның ішінде американдық және британдық жоғары оқу орындарының жүйелері бойынша, яғни әлем елдерінен профессорларды тарта отырып және сабақтарды ағылшын тілінде оқытып, толық автономиялық жүйе негізінде дамыту туралы шешім қабылдадық. Қазақстанның ішінде біз үштұғырлы тіл тұжырымдамасын қабылдадық», - деді К.Мәсімов Сергей Капицамен болған әңгімеде.
«Егер даму бағдарламаларымыз туралы айтар болсақ, біз білім беру мен ғылымды дамытуды бірінші орынға шығарып отырмыз», - деді Қазақстанның Премьер-Министрі.
Жүргізуші Сергей Капица мен хабардың қонағы Кәрім Мәсімов тарихи кезеңді жеделдету, жоғары білім беру жүйесін дамыту және тарихи үдерістердің адамзат тағдырына әсері туралы ой бөлісті.