Қазақстандық боксшыларда жүлде болады! - Серік Әбдіналиев

«Қазір бізді екі спортшымыз қуантуда. 60 келі салмақтағы Ғани Жайлауов екі айқаста жеңіске жетті, олардың бірінде ол үндістандық боксшыны жеңіп, сегіздікке енді, тағы бір айқас - және медаль біздің қолымызда. Суперауыр салмақта Иван Дычко неміс спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Олимпиадаға алғаш рет шығып отырған Иван тамаша нәтиже көрсетуде, біз одан медаль күтудеміз.
Қалған бес боксшы 1/16-ға кірді. Олардың және қалған боксшылардың сегіздікке енуін күтеміз. Бүгінде тоғыз боксшымыздың жетеуі медальдар үшін күрес жолында: екеуі сегіздікте болса, бесеуі оған жақындауда.
Бірақ боксшыларға қысым көрсетуге де болмайды, әрбір айқас жекеленген, оған қоса жарыстар 15 күнге созылып, осы уақыт аралығында оларға салмақты ұстап тұруға тура келеді, ал бұл өте ауыр. Медальдар болады, Олимпиада ойындарына қатысқан сайын спортшыларымыздың жүлдесіз оралмаған кездері болмады. Бұл жолы ол үшін жағдайлар да жақсы, Федерация Президенті Тимур Құлыбаев қолдан келгеннің бәрін жасады және мұндай жағдайлар бізде әлі болған емес», - деп атап өтті Әбдінәлиев.