Қазақстандық делегация Бакудегі «ТМД мұсылмандары - бейбітшілік пен тұрақты дамуды қолдайды» конференциясына қатысуда
Конференцияға Кавказ Мұсылмандар басқармасының төрағасы (КМБ) және ТМД Мұсылмандары консультативтік кеңесінің төрағасы Гаджи Аллахшукюра Пашазаденің жетекшілігімен Халықаралық Ислам миссиясының президенті Шафиг Пшихачев, Қазақстан, Тәжікстан, Украина, Қырғызстан, Сербия, Молдова, Беларусь, Балтық жағалауы елдерінің, Шешенстан, Дағыстан, Адыгей, Башқұртстан, Татарстан мұсылмандарының көшбасшылары қатысуда.
Қазақстандық делегацияны ҚР Парламенті Сенатының спикері Қайрат Мәмидің атынан құттықтау сөзімен іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин басқаруда. Делегация құрамында - Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров, ҚР Дін істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин және басқалар бар.
Конференция жұмысында, сондай-ақ, Ресей православие шіркеуінің өкілдері, Ресейдің бас раввині, Оңтүстік Кавказ бойынша Ватикан өкілі, сондай-ақ ӘР үкіметінің мүшелері, депутаттар, діни қауымдар көшбасшылары бас қосты.